BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үш америкалықтың қаржысы АҚШ-тағы жарты халықтың байлығынан да асып кетті

Фото: Jeff Christensen / Reuters

АҚШ-тағы ең бай үш адам - Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс және инвестор Уоррен Баффеттің байлығы АҚШ-тағы жарты халықтың, яғни 160 миллион адамның байлығынан да асып түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Institute for Policy Studies-ке сілтеме жасап lenta.ru жазады.

Forbes журналындағы рейтингке сәйкес, жоғарыда аталған бизнесмендердің жиынтық капиталы 250 миллиард долларға бағаланды.

Баяндамада көрсетілгендей, АҚШ-тағы ең бай 25 миллиардердің, оның ішінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг және Google құрастырушылары Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің байлығы бір триллион долларға жеткен.

Автомобиль құнын есепке алмағанда америкалық отбасының орташа деңгейі 80 мың доллар болады.

Сарапшылар қазіргі таңда бай мен кедейдің арасындағы алшақтық артып келе жатқанын айтады. Олар шектен тыс көп жиналған капитал жиынтығын салықтың көмегімен реттеуге шақырады.

8 қараша күні Forbes АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росты өз байлығын өтірік көрсетті деп айыптады. 13 жыл бұрын Forbes-ке өзінің активтері бір миллиард долларға жеткенін хабарлағаннан кейін ол ең бай 400 америкалықтың тізіміне енген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер