BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Туристер ең көп баратын қалалар белгілі болды

Туристер ең көп баратын қалалар белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылы әлемдегі туристер арасында ең танымал болған қалалардың бірі Бангкок екен. Бұл туралы MasterCard компаниясы мәлім еткен.

Қаржы корпорациясының сарапшылары былтырғы жылы әлемнің 132 ірі қаласына барған шетелдік қонақтардың мәліметтеріне зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, Таиланд астанасында 19,41 миллион саяхатшы тоқтағаны белгілі болыпты.

Екінші орында Лондан, мұнда 19,06 миллион адам келген. Үштіктің соңында Париж тұр. Бұл қалаға 15,45 миллион адам саяхаттап келіпті.

Төртінші орында Дубай, 14,87 миллион адам. Бесінші орын Сингапур болса, онда 13,11 миллион саяхатшы барған. Сондай-ақ туристер көп баратын қалалардың арасында Нью-Йорк, Сеул, Куала-Лумпур, Токио және Стамбул бар.

2016 жылы туристер Бангкокта 14,1 миллиард доллар жұмсаған. Ал ең көп табыс тапқан Дубай 28,5 миллиард доллар жинаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер