BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Трамп ИМ-нің толық күйрегені туралы айтты

Астана, BAQ.KZ. АҚШ Сириядағы әскерін шығара бастайды. Бұл туралы америкалық басылымдар хабарлады. АҚШ қорғаныс саласының ресми өкілі CNN телеарнасына Сирия аймағындағы америкалық әскерилердің барлығы елге оралатынын айтқан.

АҚШ бұл процесті қашан бастайтыны нақты белгісіз. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының күйрегенін, "АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын" жазды.

Donald J. Trump@realDonaldTrump

We have defeated ISIS in Syria, my only reason for being there during the Trump Presidency.

Twitter Ads info and privacy

Ресми дерек бойынша, Сирия аумағында 2000 америкалық әскери бар.

"Ислам мемлекеті" (Қазақстанда ДАИШ деп аталады - ред.) - 2013 жылы Сирия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап ИМ құлдырай бастады. Қазақстанда террористік ұйым деп танылған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, 800-ге жуық қазақстандық Сирияға кетіп, "Ислам мемлекеті" тобының сапында соғысқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер