BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Торонтода ұшақтар соқтығысып қалды

Жұма күні Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды. Бұл туралы әуежайдың Twitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. WestJet әуекомпаниясы мексикалық Канкуннан келген Boeing 737-800 ұшағы тұрақтан қозғала берген Sunwing әуекомпаниясының ұшағына соқтығысқан. WestJet лайнерінің бортында 168 адам болған. Олардың барлығы эвакуацияланды. Ал Sunwing ұшағында жолаушылар болмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер