BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Төлеев «сарқылмайтын байлығы» туралы жаңалықтан кейін прокурорға арызданды

Фото: kommersant.ru

Кемеров облысындағы Халық депутаттары кеңесінің спикері, аймақтың экс-губернаторы Аман Төлеев өзінің «сарқылмайтын байлығы» туралы басылым беттеріне жарияланған жаңалыққа қатысты ар-намысын қорғау өтінішімен прокуратураға шағымданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде соңғы уақытта федералды және аймақтық БАҚ құралдарында, интернет басылымдарда «Облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы Аман Төлеевтің қызметі туралы кемсіту бағытында жалған ақпарат таратылып жатқаны» туралы айтылады.

«Интернетте Аман Төлеевтің сарқылмайтын қазынасы мен байлығы туралы ақпарат тарауда. Ол жалған ақпараттарға сенсек, облыстық парламент басшысы тұтастай қаланы басқаруға аз-ақ қалып тұр», - делінген хабарламада.

Облыстық кеңесте мұндай мақалалар халықтың ойын бұзып, Төлеев пен оның отбасы мүшелерін моральдық тұрғыда қорлайтыны айтылды.

«Осыған орай Төлеев Кемеров облысының прокурорына табыс мөлшерін, шығын мөлшерін, жекеменшік мүлкін тексеріп, ол ақпарат пен басылым беттеріне жарияланған ақпарат қаншалықты сәйкес келетінін тексеруді сұрап арыз жазды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ол Кемеров облысын 20 жылдан астам уақыт бойы басқарып, «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрттен кейін өз еркімен қызметінен кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер