BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

DW: Жүзден асқан балалар барлаушыларды әшкере қылды

BAQ.KZ - Әлемпресс. Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты жатақханаларда тұрып жатқан барлаушыларды тасада ұстау үшін, әскери ведомоство олардың кәмелетке толмаған балаларының жасына 100 жыл қосып жазылған дейді Deutsche Welle.

Бұл құйтырқыны Ресей зейнетақы қорының қызметкерлері кездейсоқ байқаған. Сөйтіп, Ресей Бас штабының (әскери барлау тікелей бағынатын ведомоство - BAQ.KZ) өз барлаушыларының бала-шағасы туралы мәліметті құпиялауы керісінше, олардың дүйім жұртқа жария болуына себепші болды. Олардың кім екенін білу үшін болғаны - мәскеуліктердің мекенжай базасын сатып алу жеткілікті. Бұл туралы журналист Сергей Канев пен «Досье» орталығының 26 қазан күні жариялаған зерттеуінде айтылған.

Ағылшындар, әкелі-балалы Скрипальдарға қастандық жасады деп айып тағып отырған Ресей барлау қызметкерлерінің шын есімін зерттеген журналист елден кетуге мәжбүр болды. Оның мәліметінше, барлаушылардың балаларының шынайы жасына 100 жыл қосып жазу нұсқауды Бас штаб 2011 жылы шығарған. Сөйтіп, сол уақыттарда жатақханада тұрып жатқан кәмелекетке толмаған балалардың "туған жылы" графасына 100 жыл қосылған. Мысалы, 2005 жылы туған бала 1905 жылы туған болар еді.

Журналиске әскери ведомстводағы дереккөз хабарлағандай, бұл астыртын операция Ресей зейнетақы қоры мәскеулік зейтекерлердің тізімін тексерген кезде күйреген. Әлеуметтік орган тізімнен елуге тарта есепте жоқ егде адамдарды тауып алған және барлығы болғаны екі бөлмеде тұрып жатқанын көрген. Ресей зейнетақы қорының қызметкерлері әуелде мұны бір алаяқтық схема деп ойлап қалған және тіпті полицияға шағымданбақ болған. Ақыры мәселеге Ресей қорғаныс министрлігі мәселеге араласып, түсініктеме беріпті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер