Ресейдің Сочи қаласында Boeing 737 ұшағы өртеніп, салдарынан 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.
Ресейдің Сочи қаласында Boeing 737 ұшағы өртеніп, салдарынан 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, адам шығыны жоқ, дегенімен 160 адам эвакуацияланған. Ресми дерекке сүйенсек, ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, өртене бастаған. Апат орнына келген мамандар қызыл жалынды бір сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерген. Өртті сөндіруге 5 аранайы техника жұмылдырылған.
Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін» дейді жергілікті басылымдар.
Қазір осыған байланысты тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!