Режиссер Милош Форман қайтыс болды - Әлем|15 Сәуір 2018, 12:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Режиссер Милош Форман қайтыс болды

«Оскар» жүлдесінің екі мәрте жеңімпазы, чех және америкалық кино режиссер Милош Форман 86 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

«Ол отбасы мен достарының ортасында қайтыс болды», - деді оның жары Мартина.

Оның айтуынша, ол ауру салдарынан көз жұмған. Режиссердің ең танымал «Пролетая над гнездом кукушки» фильмі Америка кинематография академиясының бес негізгі марапатына ие болған. Ол Кен Кизи романы бойынша түсірілген.

Оның басқа да көрнекті туындыларының арасында «Амадеус», «Халық Ларри Флайтқа қарсы» және «Вальмон» бар. Форман Роман Поланскимен бірге Голливудтағы ең табысты еуропалық иммигранттар қатарына қосылған болатын. Десе де, ол батыс және шығыс кино өмірінің арасындағы байланыстарды бейнелеуін жалғастырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер