BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Ресейдегі жарылыс теракт деп тіркелді

Астана, BAQ.KZ. Керчьтегі колледжде болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты.

24.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, оқу орнында болған жарылысты Ресейдің Тергеу комитеті ресми түрде теракт деп таныды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Тағы 50 адам жараланған.

Куәгерлердің айтуынша, колледжге қарулы адам кіріп, жолында кездескендерге оңды-солды оқ атқан. Артынша жарылыс болған.

Сондай-ақ жарылғыш заттың металл жарықшалардан жасалғаны да анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Керчь қаласындағы колледжде жарылыс болғандығы туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер