Порошенко Ресейге қарсы салынған санкциялар үшін АҚШ-қа алғыс білдірді - Әлем|02 Қыркүйек 2018, 13:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Порошенко Ресейге қарсы салынған санкциялар үшін АҚШ-қа алғыс білдірді

Украина президенті Петр Порошенко Вашингтонда Украина мәселесі бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Курт Волкермен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru порталына сілтеме жасап.

"Кездесу барысында Украина шығысындағы жағдай қаралған. Порошенко кепілде отырған украиналықтарды бостау үшін Ресейге қысымды күшейту керек екенін баса айтты. Сондай-ақ Донбасты азат ету жолдары да талқыланды", деп жазады "Известия" басылымы.

Украина басшысы Ресей Федерациясына қарсы салынған санкциялар үшін Құрама штиаттарға алғысын білдіріп, Волкермен алдағы уақытта Украинада өтетін сайлауға сырттан жасалатын кедергілерге жол бермеу мәселесінде талқылады.

1 қыркүйек күні Петр Порошенко Вашингтонда сенатор Джон Маккейнді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысып, америкалық саясаткерді Украина қаһарманына теңеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер