BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүгедек сүйіктісіне «күтім жасаудан шаршаған» ер адам оны ұрып тастады

Америкалық азамат арбада отырған сүйіктісін мемлекеттің қамқорлығына өткізу үшін түрмеге отыруға бел буады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Мұндай қатыгез қылық танытқан оқиға Флоридада болды. 37 жастағы жергілікті тұрғын Патрик Моан өзінің мүмкіндігі шектеулі сүйіктісі Брэнди Грегориді ұрады. Өйткені ер адам түрмеге түсіп, оған қамқор болудан құтылғысы келеді.

Miami Herald басылымының хабарлауынша, ер адам Брэндиді ұрып тастағаннан кейін оны супермаркетке әкеліп тастайды. Өйткені полицейлер сол жерден Брендиді тауып алса, кейін қыз оларға шағымдана алады.

Патрик Моан өзінің әрекетіне «қызға қамқорлық жасаудан және барлық жерге арбамен барудан шаршадым» деген түсініктеме берген. Ол мұны әдейі жасағанын да жасырмады. Өйткені ол түрмеге отырса, мемлекет оның сүйіктісін өз қамқорлығына алады.

Ал, Брендидің туылғаннан екі қолы жоқ. Оның ешқандай туысы да қалмапты. Оған сүйіктісі ғана қамқор болып келген. Енді қыз әлеуметтік қамқорлық көрсететін мекемеге баратын шығар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер