BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзеннің түсі өзгерді

Мельбурндегі тұзды өзен Күн сәулесінің әсерінен, жоғары температура мен жауын-шашынның аз болуынан алқызыл түске боялды, деп жазады Егемен ВВC-ге сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, өзеннің түбінде өсетін балдырлар осындай ауа райында қызыл пигменттер бөледі. Мұндай жағдай Испания, Канада жеріндегі бірнеше өзенде де байқалады.

Парк қызметкерлерінің айтуынша, өзен түсінің өзгеруіне Dunalliela атты бір жасушалы балдыр әсер еткен.

«Бұл балдыр табиғи өнім. Көпшілігі бұл өндірістік апаттан немесе қызыл бояу төгілгеннен болды дейді. Олай емес», дейді қызметкерлер.

Ал ғалымдардың айтуынша, түсі өзгерген өзеннің суы адамға қауіпсіз болғанымен, ол өте тұзды болғандықтан, шомылмаған жөн.

Бір айта кетерлігі, ауа температурасы қайта түсіп, жауын-шашын басталғанда, өзеннің суы қайтадан табиғи қалпына келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
07 Қараша 2017, 13:05
МЕНДЕГІ ӨМІР БАСҚА...
28 Қыркүйек 2017, 09:07
Мексикада балық жауды
Пікірлер