Астана, BAQ.KZ. Оттавада екі ұшақ соқтығысып, 1 адам қаза тапты. Бұл туралы CBC басылымы жазады.
Полицияның хабарлауынша, жексенбіде соқтығысқан ұшақтың біреуі Оттава әуежайына қонған. Ол екі адамды тасымалдап бара жатқан.
Ал екінші ұшақ Макги Сайд-Роудтың маңында қираған. Ол - Cessna 150 ұшағы. Оның ішінде отырған қатты жарақат салдарынан бір жолаушы қаза тапқан. Ал бірінші ұшақтың ішіндегі жолаушылар дін аман.
Оқиға таңғы сағат 10 шамасында болған.
Макги-Сайд Роуд трассалары жабылды. Жағдай болған жерде полиция мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!