BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

National Geographic таңдаған 2017 жылдың үздік суреттері

National Geographic 2017 жылға қорытынды жасап, әлем фотографтары түсірген екі миллион туынды ішінен ең үздік 57 суретті таңдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі buro247.kz басылымына сілтеме жасап.

National Geographic жыл сайын саяхатшылардан сурет жинап алып, олардың ішінен үздіктер тізімін жасап отырады. Алайда бұл қорытынды аталған тізімге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ. Оның үстіне редакция халыққа әдемі суреттер көрсетуді мақсат тұтпайды. «Үздік» ретінде қоғамдағы маңызды мәселелерге арқау болған, өзіндік тарихы бар суреттер таңдалады.

Мысалы, өзбектер тойы, бірінші трансгендер сәби, 90 метр биіктікте тұрған бал және снорклингпен айналысып жүрген Барак Обаманың суреті «үздік» атанады. Назарларыңызға дәл осындай суреттерді ұсынамыз.

Миссуриялық Эйвери Джексон, 2017 жылы National Geographic журналының мұқабасына шыққан бірінші трансгендер сәби

Плато Гуассадағы кештің батуы, геладалар жолбарыс, қорқау және жабайы иттерден қорғану үшін жартастарға қарай көшіп барады

Мексика, «Өлілер күнін» тойлау

Мексика, Сан-Игнасио шағын мүйісінде турист көк китті қайықта отырып сипап көрмек

Орманда орналасқан Санта-Клара ғибадатханасындағы жарық қоңыздар

Патша пингвиндері ашық теңізде қорек іздеп жүр. Мұзға майда жалбыздар жабысып алған

Калифорния шығанағы, Кортес теңізінде арыстан балық аулап жүр

Маули Дхан бамбук баспалдақтың бойымен көтеріліп келеді. Қолында сыйлығы – бал бар. Аталған табиғи балдың Азия нарығындағы құны — 60 доллар фунтке дейін жетеді.

Қарақал — Азия мен Африканы мекендейтін жыртқыш

Бразилия, 10 айлық теңбілшер

Солтүстік Кения, Retety Elephant Sanctuary аймағында қараусыз пілдерді тамақтандыру сәті

Бангладештегі қашқындар лагері, Мьянмадан қашып шыққан рохинджа әйел

Өзбекстан, Ташкентте өткен той, екі ағайынды мен олардың қалыңдықтары

11 жастағы Дрю Мур өзінің мылтықтар коллекциясын көрсетіп тұр. Арканзаста аңшылық пен ерлік — егіз ұғым. «Біз аң ауламайтын ер адамдарды жақсы көрмейміз деп айтпаймыз. Бірақ, аң аулайтындарды ерекше құрметтейтініміз рас», — дейді жігіттің өгей анасы Калли.

Филиппиндегі түрмеде 3036 қылмыскердің 2072-сі есірткіге байланысты отыр

Православиелік қажы-эфиоптар Құдай табыты шіркеуіне Пасха мерекесін атап өту үшін бара жатыр

Антарктика жағалауындағы Уэдделла итбалығы

«Екі мәрте ел басқарып, күнделікті галстук пен костюм киіп жүрген ер адам үшін теңіз ортасы — нағыз ләззат алатын мекен», — дейді фотограф Брайан Скерри. Ол Барак Обаманың осы суреті теңізді сақтап қалуға көмектеседі деген ойда

Колибри жаңбырдан қорғану үшін басын шайқап тұр. Зертеушілер колибридің әр бас бұрған сәті 0,04 секундке созылатынын анықтады

Кейбір рохинджа лагерь сыртындағы Кокс-Базар қаласында тұрып жатыр. Бұл ер адам Бенгаль шығанағының маңында орналасқан шағын ауданда тұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер