NASA ғарышкері Джон Янг көз жұмды - Әлем|07 Қаңтар 2018, 15:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

NASA ғарышкері Джон Янг көз жұмды

Астронавтың қайтыс болғаны туралы NASA Twitter парақшасында жазылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-та зерттеуші-астронавт Джон Янг қайтыс болды.

«Джон Янгтің дүниеден озғанына қапалымыз. Ол 87 жаста еді. Айға екі рет ұшып, оның бетімен жүріп, алғашқы «Шаттл» кемесінің бортында болды», - делінген хабарламада.

Джон Янг «екінші астронавтар тобының» мүшесі болған және осы топта ғарышқа ұшқандардың алғашқысы еді. Бірінші ретте «Джемини-3» кемесінің екінші ұшқышы болды. Екінші рет «Джемини-10» кемесінің командирі болып ұшты. Джон Янг Ай айналасындағы орбитаға шыққан екінші астронавтар үштігінде болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер