BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мьянманың рохинджа мұсылмандары мінген қайық аударылды: қаза тапқандар бар

Фото: © AFP 2017 / K.M. Asad

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы төрттер шамасында Наф өзенінде болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Мьянмадан шыққан қайық Бангладешке бет алған. Бангладеш жағалау күзетінің өкілі Зафар Имамның айтуынша, қайықта 50-60 шақты адам болған.

12 адам қаза тапты, олардың арасында алты бала мен төрт әйел бар. 15-ке жуығы құтқарылды, ал қалған 25-30 адам әлі іздестірілуде.

Тамыз айынан бері Бангладешке жүздеген мың рохинджа бас сауғалап қашты. Оған себеп – Мьянма әскерлерінің Ракхайн штатында рохинджа жасақшыларына қарсы жүргізіп жатқан операциясы. Рохинджа мұсылмандарының дені Наф өзені арқылы қайықпен қашуға мәжбүр болды. Осы уақыт аралығында он шақты қайық аударылып, салдарынан 100-ден аса адам суға батып өлген. Соңғы рет бір апта бұрын ірі апат болып, Наф өзенінде 23 адам қаза тапқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер