Мьянма солдаттары мұсылман әйелдерді зорлағаны дәлелденді - Әлем|24 Қыркүйек 2017, 21:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мьянма солдаттары мұсылман әйелдерді зорлағаны дәлелденді

Фото: Reuters

Мьянманың Ракхайн штатынан Бангладешке босып кеткен 429 000 рохинджа мұсылмандарды қараған дәрігерлер олардың ішінде көптеген әйелдердің зорланғанын анықтады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер берген медициналық анықтамаларды зерттеген агенттік тілшісі рохинджа қыз-келіншектері түрлі дәрежеде зорлыққа ұшырағанына көз жеткізген. Оның ішінде Мьянма солдаттарының топ болып зорлау фактілері де бар.

Мұндай айыптаулар бұған дейін айтылып келген. Бірақ Мьянма өкіметі оларды жасақшылардың әскерилерді қаралау үшін ойлап тапқаны деп мойындамаған болатын.

Мьянма басшысы Аун Сан Су Чжидің баспасөз хатшысы Зоу Хтай өкімет өз атына айтылған кез келген айыптауды зерттейді деді.

«Ол зорланған әйелдер бізге келсін. Біз олардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеміз. Тексереміз және шара қабылдаймыз» деді ол.

Су Чжидің өзі әскерилер мұсылман әйелдерді зорлады деген айыптаулар туралы ешқандай түсініктеме берген емес.

Reuters тілшісі Бангладештің Кокс Базар елді мекенінде босқындарды қараған сегіз медикпен сөйлескен. Олар тамыздың соңынан бері ондаған зорлау фактісі дәлелденгенін айтқан. Әйелдер өздерін Мьянма солдаттары зорлағанын егжей-тегжей баяндап берген. Олардың денесіндегі іздер айтылған нәрселердің рас екенін көрсетеді.

Әдетте БҰҰ дәрігерлері мен қызметкерлері әскерилердің әйелдерді зорлағаны туралы мәліметтермен бөлісе бермейді деп жазады Reuters.

Мьянмадағы жағдай 25 тамызда ARSA мүшелері бірнеше полиция бекеті мен Мьянма әскери базасына шабуылдағаннан кейін ушығып кеткен болатын. Сол қақтығыста күштік құрылымдардың 12 мүшесі мен 77 көтерілісші (басқа мәліметтер бойынша шамамен 120 адам) қаза тапқан.

Осы шиеленістен кейін Ракхайн аймағынан болжам бойынша жүз мыңдаған рохинджа босып кетіп, Бангладешке барып бас сауғалаған


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер