Мұхит түбінен жер бетінде жоқ техниканың іздері табылды - Әлем|09 Қыркүйек 2018, 11:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мұхит түбінен жер бетінде жоқ техниканың іздері табылды

Фото: от 123ru.net

Мексика мен Гавайи аралығында Тынық мұхитының төрт шақырымдық түбінен ерекше іздер табылды. Кейбір ғалымдардың пікірінше, ол іздерді беймәлім ұшқыш нысандар (НЛО) қалдырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Саутгемптондағы Ұлттық мұхиттану орталығының ұлыбританиялық ғалымдары жіберген роботтардың көмегімен ұзындығы екі жарым метрге, тереңдігі 30 сантиметрге жететін іздер табылды.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай іздер тау жұмыстары емесе ғылыми операциялардың жүргізілуі нәтижесінде қалған болуы мүмкін емес, сондай-ақ бұл іздер балықтар немесе су астындағы жануарлар іздеріне де ұқсамайды. Зерттеуші ғалымдардың бірі, доктор Ли Марштың айтуынша, ол іздерді киттер қалдырған болуы мүмкін, бірақ олар мұндай тереңдікте өте сирек жүреді. Ал өзге сарапшылар бұл іздер жер бетінде жоқ техниканың іздері екенін айтуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер