BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Мəскеу маңында жолаушылар ұшағы құлады

Фото: Telegram-канал «360tv»

Saratov Airlines əуе компаниясына қарасты ұшақ Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан. Əуеге көтерілген соң жеті минуттан кейін ұшақ радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдары жолаушылар ұшағының «Почта России» компаниясына тиесілі тікұшақпен соқтығысқанын және апат салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша ұшақта болған 71 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады. Алайда «Почта России» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Бізде өзіміздің тікұшақтар жоқ», — деді компания өкілі.

Мұнымен қатар, апат болған жерде көп қағаздың шашылып жатуын бортта 20 килограмм пошта хатының болуымен түсіндірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер