BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Моңғолия астанасында халық жемқорлыққа қарсы шеруге шықты

Фото: Әлеуметтік желіден

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Моңғолия астанасы Ұланбатырда 40 градус аязға қарамастан халық шеруге шықты. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.

Ұланбатыр әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Қазіргі уақытта қаладағы аяз 30 градустан асып, 40 градусқа таяу температура көрсетіп тұр. Соған қарамастан, Монғолия халқы өздерінің аяқ асты болған азаматтық құқықтары үшін, жемқорлықты кәсіпке айландырған шенділерді жою үшін, жерді және жер астындағы қазына байлықтың дұрыс игермей, шетел асырып жатқан билікті өкімет басынан кетіру үшін бейбіт шеруге шықты.

Бейбіт шеру Үкімет үйінің алдындағы Сүхбаатар алаңында өтуде. 25 000 адам жиналған бейбіт шеруге Моңғолияның Ұлы хуралының 5 депутаты да қатысуда.

Депутаттар да халықпен бірге жер байлығын, халықтың жағдайын жақсартып, елдегі жемқорлықтың азаюын талап етіп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер