BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мешіттен шыққан бір топ адамды фургон басып кетті

Дүйсенбіге қараған түні Лондонда фургон мешіттен шыққан бір топ адамды басып кетті, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Севен Систерс көшесінде болған, қазір ол аумақты Лондон полициясы қоршауға ады. Зардап шеккендер бар, бір адам ұсталды.

Daily Mail газетінің ақпаратынша, ең кемі он адам жапа шеккен. Куәгерлердің айтуынша, түннің бір уағында фургон Финсбери саябағындағы мешіттен шыққан бір топ адамды басып кетті.

Ал Evening Standard басылымының хабарлауынша, жүк көлігінен қолында пышағы бар ер адам атып шыққан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер