BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мектептегі хиджаб мәселесі Кремльдің де басын қатырды

Фото: ИноСМИ

Білім беру мекемелерінде хиджап киюге рұқсат беруге қатысты Кремльдің біржақты ұстанымы жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

«Мен біржақты пікір айта алмаймын. Білім беру мекемелерінде хиджаб кию мәселесі әлемнің бірқатар елдерінде қызу талқыланып жатыр. Әр елде әртүрлі реттеледі. Ресей – көпконфессиялы мемлекет. Десе де, Ресей, бірінші кезекте, зайырлы мемлекет және ол Конституцияда тайға таңба басқандай көрсетілген», - деді Песков.

31 наурызда Шешенстан парламенті жаңа заң қабылдап, оған сәйкес республиканың білім беру мекемелері оқушылардың діни киім-кешек кию құқығын ескеруге міндеттелді.

Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу Ресей қоғамы үшін өліммен тең деген мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер