Мексика президенті шекарадағы қабырға құрылысы үшін АҚШ-қа барудан бас тартты - Әлем|27 Қаңтар 2017, 11:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мексика президенті шекарадағы қабырға құрылысы үшін АҚШ-қа барудан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, оның мексикалық әріптесі Пенья Ньето шекарадағы қабырға құрылысы үшін ақша төлемесе, Вашингтонға сапарынан бас тартуы керек. Мексика президенті Пенья Ньето АҚШ президентімен кездеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Reuters агенттігі.

АҚШ және Мексика президенттері келесі аптада кездесіп, Құрама Штаттардың жаңа басшысының мәлімдемесінен соң туындаған шиеленіскен жағдай реттеледі деп күтілген. Трамп Мексикамен шекарада қабырға тұрғызатынын және еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісімді қайта қарайтынын мәлімдеген.

«АҚШ-тың Мексикамен сауда балансы дефициті 60 миллиард доллар болды. Бұл - НАФТА құрылған сәттен-ақ көптеген жұмыс орны мен компаниялардың жойылуына әкелген біржақты келісім. Егер Мексика аса қажетті қабырғаға ақша төлегісі келмесе, онда кездесу өткізудің қажеті жоқ», - деп жазды Трамп өзінің Twitter'інде.

Сәрсенбі күні Трамп шекарадағы қабырға құрылысы туралы жаңа үкімге қол қойды.

centralasian.org


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер