BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеуде қалың қарды көтере алмаған 2 мыңға жуық ағаш құлап қалды

Фото: Интерфакс

Мәскеуде демалыс күндері жауған қардың көлемі бір айда жауатын қардың нормасынан асып түсті. Жауған қардың биіктігі 40 см жеткен. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Интерфакске сілтеме жасап хабарлайды.

Ауа райының қолайсыздығынан ондаған әуе рейсі кейінге шегеріліп, электр өткізгіш сымдарының үзілуіне әкеліп соқтырды. Сондай-ақ, қалың қар мен мұздың салмағына шыдамаған екі мыңға жуық ағаш құлап қалған.

Апаттың салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам жарақат алған.

«Қалың қардан үсіп, жапа шеккендер саны көбейген жоқ. Барлық қызмет максималды түрде жұмыс істеп жатыр», - дейді мэр.

Қардың қалың жауып, ауа райының күрт суытуына байланысты синоптиктер қалада қызғылт сары қауіпті деңгей жариялаған болатын. Мұнымен қатар, аталған жағдайға қатысты арнайы Төтенше жағдайлар штабы құрылды.

Фото Интерфакс, BBC.com


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер