Майкл Джексонның қарындасы 50 жасында тұңғышын дүниеге әкелді - Әлем|04 Қаңтар 2017, 10:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Майкл Джексонның қарындасы 50 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

Әлемге танымал поп-жұлдыз, «Грэмми» жүлдесінің 6 дүркін иегері, 50 жастағы Джанет Джексон сәбилі болды. Әнші баласына Эйс есімін берген. Бұл туралы People журналы хабарлайды.

Сәбидің әкесі – катарлық бизнесмен Виссам әл-Ман. Оның компаниясы Парсы шығанағы елдеріне люкс-киімдер сатумен айналысады.

«Джанет Джексон мен Виссам әл-Ман тұңғышы Иссу әл-Манның өмірге келгеніне ерекше қуанышты», – деп хабарлады әншінің өкілі. Оның айтуынша, Джексонның босануы өте сәтті өткен. Ал қазіргі таңда ол демалып жатыр екен.

Айта кетейік, Джанет Джексон – танымал әнші Майкл Джексонның қарындасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер