BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Лондонда жаңажылдық ет аукционы өтті

Фото: 24kz

Астана, BAQ.KZ. Лондонның Смитфилд базарында жаңажылдық ет аукционы өтті. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Бұл дәстүрге биыл 150 жыл толып отыр. Бұрындары саудагерлер мереке алдында қалған өнімдерін өткізу үшін осындай аукцион ұйымдастырған. Ал, бүгінде бұл акция нағыз шоуға айналған. Лондондықтар мұнда тек сапалы өнім үшін емес, мерекелік көңіл-күй іздеп келеді.

«16 тонна етті сатып жатырмыз. Оның қатарында шошқа, сиыр, қой және тауық еттері бар. Өнімнің сапасы өте жоғары. Сатып алушылар 50-60% қаржысын үнемдейді. Одан бөлек, мерекелік көңіл-күй сыйлайды», - дейді аукцион жүргізушісі Грэг Лоуренс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер