BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғызстанда "Туристік полиция" өз жұмысын бастады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бішкекте жаңадан ашылған "туристік полиция" қызметкерлерінің ағылшын және түрік тілдерін білу деңгейі тексерілді.

Полиция қызметкерлерінің таңғы қызмет бөлінісінде Қырғызстан Ішкі істер министрі Кашкар Жунишалиев олардан әуелі ағылшынша, сосын түрік тілінде сөйлесіп, тілдік деңгейлерін көрсетуді сұрады.

"Офицер, маған көмек бере аласыз ба? Мен осы маңдағы саябақта сөмкемді жоғалтып алдым" - деді шетелдік азаматтың рөлін ойнаған полиция қызметкері.

Полиция өзінен жәрдем сұраған "шетелдіктен" әуелі төлқұжатын сұрады.

Полиция қызметкерлері ағылшынша "түсініскеннен" кейін түрікше тіл сындыруға кірісті.

Туристік полиция қазіргі кезде екі взводтан тұрады. Негізі 60 қызметкер жасақталады деп жоспарланған, әзірге 20 полицей сынақтан өтіп жатыр. Туристік полицей ретінде таңдалғандардың көбі қыз-келіншектер. Бұл бағытта жұмыс істейтін полицейлердің жеке формасы болады.

Бұл пилоттық жоба әзірше Бішкек қаласында ғана іске қосылды. Алдағы уақытта туристер көп келетін аймақтарда да ашылады деген жоспар бар.

Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы Қырғызстанға 2,7 млн шетелдік турист келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер