Күннің қатты ысуынан Калифорния жағалауында мыңдаған балық пісіп қалған - Әлем|31 Тамыз 2018, 14:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Күннің қатты ысуынан Калифорния жағалауында мыңдаған балық пісіп қалған

Жақында Калифорниядағы Малибу шығанағы жағалауында мыңдаған балық судағы температураның жоғарлауына байланысты пісіп қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новсотиге сілтеме жасап.

«Бұл мен көрген оқиғалардың ішіндегі ең ауқымдысы. Малибу шығанағындағы өзеннің суы 28 градусқа дейін көтерілген», -дейді Калифорния ұлттық саябағы мен туризм департаментінің экологы Крейг Сэп.

Жаһандық жылудың салдары ретінде «ауа райының эксртемалды құбылысы» аталуда, яғни қыста ыстық, жазда суық, апаталап жаңбыр жаууы немесе қапырық болып тұруы.

Ғалымдардың пайымдауынша, болашақта жаһандық жылу өріс ала бермек және осындай құбылыстар көбейіп, көптеген территорияны қамти береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер