BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күкірт қышқылын шырын деп ішіп қойған екі оқушы көз жұмды

Күкірт қышқылын шырын деп ішіп қойған екі оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Оңтүстік Үндістанда болған.

9 жастағы Ариан Сингх пен Сахил Санкар достарының туған күн кешінде болады. Шөлдеген екі бала бөтелкеде тұрған сусынды көреді. Сөйтіп олар шырынның бөтелкесіне құйылған күкірт қышқылын жеміс шырыны екен деп ойлап қалған.

Белгілі болғандай, туған күн иесінің әкесі шеберханада пайдаланатын сірке суын ескі бөтелкеге құйып, үйінде сақтаған көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер