BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдағы ең бай әйел төрт күн ішінде 2 млрд доллардан астам табыс тапты

Жыл басынан бері Қытайдағы ең бай әйел Ян Хуэйяньның табысы 23,6 млрд доллардан 25,6 млрд долларға дейін артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Дереккөзі жазғандай, Country Garden Holdings компаниясы акциялары бақылау пакетінің иесі төрт күн ішінде 2,1 миллиард долларға байыған.

Ян Хуэйянь Bloomberg Billionaires Index миллиардерлер рейтингінде 31-орында тұр. Сондай-ақ, ол Forbes мәліметі бойынша 2017 жылы тез байыған ең бай адамдардың қатарына енген.

Country Garden — элиталық тұрғын үйлердің құрылысымен айналысатын компания. Оның негізін 1997 жылы кәсіпкер әйелдің әкесі Ян Гоцян қалаған. 2007 жылы ол қызына компанияның 70% акциясын берген. Ал Гоцянның өзі Country Garden-нің бас атқарушы директоры және төрағасы.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Forbes әлемдегі ең бай адамның кім екендігін жариялады. Ол кезде Джефф Безос Amazon компаниясындағы акциясы құнының өсуіне байланысты Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адам атанған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер