Қытайда ер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтқан зажигалка алынды - Әлем|18 Сәуір 2018, 11:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайда ер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтқан зажигалка алынды

Қытайда дәрігерлер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтып қойған зажигалканы шығарды. Операция кезінде түсірілген видеоны UPI порталы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ота Сычуань провинциясының Чэнду қаласында жасалды.

Видео ер адамның ағзасына кіргізілген арнайы камерамен түсірілді. Сол арқылы дәрігерлер зажигалканың қай жерде жатқанын іздеді.

Мамандардың айтуынша, камераны екінші рет тыққанда ғана зажигалканы алып шыққан. Операция 10 минутқа созылған.

Ер адам зажигалканы екі мыңыншы жылға дейін байқаусызда жұтып қойған. Бұған дейін еш жері ауырып, мазаламаған соң дәрігерге жүгінбеген. Ал, қазір іші ауырады және үлкен дәреті қан араласып шығады.

Видео: gazeta.kg


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер