BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайда «Әлем аруы-2018» жеңімпазы анықталды

Астана, BAQ.KZ. «Әлем аруы-2018» халықаралық байқауының финалы сенбі күні ҚХР-дың оңтүстігіндегі Санья қаласында өтті. Бас жүлдені 26 жастағы мексикалық Ванесса Понсе жеңіп алды.

«Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым, осыған қарамастан нәтижесі мен күткендегіден де асып түсті. Өзімді бақытты сезінудемін, біз бұны жасай білдік», - дейді ол.

Байқау шарттарына сәйкес сұлу бойжеткен жыл бойы Лондонда тұрып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысатын болады. Мексикалыққа тәжді «Әлем аруы-2017» титулының иегері үндістандық Мануши Чхиллар табыстады.

Екінші орынды Тайланд тұрғыны Николин Пичапа Лимснукан иеленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер