Қытай қаржылай көмек ретінде Африкаға 60 миллиард доллар бөледі. Бұл жайында ҚХР-ның төрағасы Си Цзинпьин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Қытай қаржылай көмек ретінде Африкаға 60 миллиард доллар бөледі. Бұл жайында ҚХР-ның төрағасы Си Цзинпьин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
«Қытай Африканы қолдауға 60 миллиард доллар бөлуге дайын, яғни мемлекеттік көмек түрінде қаржылай институттары мен кәсіпорындарын инвестициялайды», - деді «Қытай-Африка» ынтымақтастық Форумының саммитінде сөз сөйлеген Си Цзиньпин.
Бөлінген 60 миллиард доллардың 15 миллиарды қайтарымсыз көмек ретінде берілмек, сондай-ақ пайызсыз қарыз бен жеңілдігі бар несие үшін 20 миллиард доллар көлеміндегі несиелік қор құрылған.
Сонымен қатар, даму жобаларын несиелеу бойынша 10 миллиард доллар мөлшеріндегі арнайы қор құрылады және Африканың импорттық саудасын қаржыландыру үшін 5 миллиард долларлы арнайы қор жасақталмақ. Алдағы үш жылда қытайлық компаниялар Африкаға кем дегенде 10 миллиард доллардың инвестициясын құймақ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!