BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Аман Төлеев отставкаға кетуге өтініш білдірді

Фото: ЯПлакалъ

Аман Төлеев Ресей президенті Владимир Путинге өз еркімен отставка кету туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

73 жастағы Аман Төлеев Кемеров облысын 1997 жылдан бастап басқарып келеді. Оның губернатор ретінде өкілеттігі 2020 жылы тоқтауы тиіс еді. Бүгінге дейін ол 93,5-96,69 процент дауыспен төрт рет қайта сайланған-ды.

«Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен кейін губернатор Путинмен өткен жиналыста митингке «барлық оппозициялық күш» пен «үнемі шатақ шығаратындардың» келгендерін айтты. Тулеевтің айтуынша, бұл адамдар осындай митингтер арқылы өздерінің проблемаларын шешіп алмақ. Осыдан кейін губернатор халыққа 10 минуттық видео үндеу жолдап, осының барлығын белгісіз адамдардың мақсатты түрде ұйымдастырып отырғандарын айтты.

Еске сала кетейік, 25 наурызда Ресейдегі Кемеровода «Зимняя вишня» сауда орталығынан өрт шығып, 64 адам, соның ішінде 41 бала қаза тапты. Зардап шеккендер саны 79 адамға жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер