Кавказдың ең биік шыңына Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді - Әлем|18 Қараша 2018, 14:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Кавказдың ең биік шыңына Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді

Фото: Султан Раевтың парақшасынан

Астана, BAQ.KZ. Кавказ тауларының ең биік шыңдарының біріне Айтматовының есімі берілді. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ-тар жазды.

Кавказ тауларының ең биік шоқыларының біріне қырғызстандық танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді. Қырғыз альпинистері шоқыға Қырғызстан Республикасының туы мен «Шыңғыс Айтматов шыңы» екенін білдіретін мәрмәр тақтайшаны шың басына орнатты.

Альпинистер 13 қарашада жолға шығып, Шыңғыс шыңын кеше бағындырған. Кавказ тауының шыңын бағындыруға Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков өзі қолдау білдіріп, арнайы қаражат бөлдірген.

Биыл даңқты жазушының дүниеге келгеніне 90 жыл толды. Адамзаттың Айтматовы атанған қаламгердің мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өтуге арнайы жарлық шығарылған болатын.

Фото:Султан Раевтың парақшасынан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер