BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарызынан құтыла алмаған ауыл тұрғыны қызын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Ресейде 36 жастағы ер адам 13 жастағы қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Мәскеуге жақын орналасқан ауыл тұрғыны бұл əрекетке белшеден батқан қарызынан құтылу үшін барған, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл кезде оның шешесі іссапарда болған. Әкесі мен қызының мүрдесі табылған жерде көптеген берешектің түбіртегі табылғаны айтылады. Ал қызын өлтіріп, өзіне қол салған адамның аты-жөні Максим Шевченко екен. Ер адам суицид жасау алдында баласының мәйітімен бір күн болғаны айтылады.

Mash мәліметінше, ер адам өзін өлтірген сәтін видеоға түсірген.

Сондай-ақ, тергеушілер Максим Шевченконың өлім алдында қалдырған аудиоүндеуін тапқан. Ер адам аудионы шешесі мен полицияға арнаған-мыс. Бірінші аудиожазбада ол жалғызбасты әке болғанын және қаржылай қиындықтарға тап болғандықтан осындай қадамға барғанын айтқан.

Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда Максим бар дүние-мүлкін биржада ұттырған.

Максим 36-ға келсе де, өмірде ештеңеге қол жеткізбегенін айтып, өкінген. Қызын жетім қалдырмау үшін және өзге адамдардың асырауына бермеу үшін оны өлтіруді ұйғарған.

Екінші аудиожазбада ер адам өз шешесінен кешірім сұраған, ал полицейлерден тергеу жүргізбей, қызымен бірге жерлей салуды сұрапты. Осы дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер