BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қанішер ана» баласын жеп қоя жаздады

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 24 жастағы келіншек перзентханада өз баласын жеп қоя жаздады, деп хабарлайды Baq.kz.

Дәлізде жүрген медбике баланың шыңғырып жылаған дауысын естиді. Бөлмеге келген қызметкер әйелдің баласының қолынан тістеп, айырылмастай қасарысып алғанын көреді. Көмекке келген медбикелер баланың қолынан әйелдің қарысқан ауызын укол салғаннан кейін ғана зорға ажыратып алған, деп жазуда шетелдік басылымдар.

Баланың қолы қатты тістелгені соншалық, дәрігерлер нәрестенің сорғалаған қанын зорға тоқтатқан. Енесі «қанішер әйелді» есі ауысқан деп үйінен қуып шыққан көрінеді. Ол босанардан бұрын ауруханаға жүдеп-жадап далада жүрген жерінен келген.

Куәгерлердің айтуынша, «адам жегіш» әйелдің есі ауысқан болуы мүмкін. Жергілікті құқық қорғаушылар осы факті бойынша тексеріс жүргізуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер