BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қай елдің тұрғындары әлемде ең көп саяхаттайды?

Фото: holidayphilippinesblog.com

Movehub көлік компаниясы әлемде қай елдің тұрғындары ең көп саяхатқа шығатынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеуге сүйенсек, әлемде ең көп саяхаттайтын халықтың бірі Гонконг тұрғындары екен. Гонконгтықтар орташа есеппен жылына 11,4 рет саяхатқа шығады. Әр саяхатқа шамамен үш мың доллар жұмсайтын көрінеді.

Екінші орында Люксембург тұрғындары тұр. Люксембургтықтар орта есеппен жылына 2,56 рет саяхатқа аттанады. Әр сапарға алты мың доллардай жұмсайды. Ал рейтингтің үшінші сатысына Венгрия (жылына 1,62 рет, әр саяхатқа 250 доллар) жайғасқан.

Рейтингке, сондай-ақ, Швеция, Финляндия, Ирландия, Сингапур, Швейцария, Дания және Албания елдері кірген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер