BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ит анасы суға батырып өлтірмек болған баланы құтқарып қалды

Австралияда Бадди есімді ит анасы суға батырып өлтірмек болғаны баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Келіншектің туған ұлын өлтіргелі жатқанын көрген төбет әйелге тап беріп, тістеп алады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 27 жастағы әйел 9 бен 5 жастағы ұлдарын өзенге әкеліп, оларды суға батыра бастаған. Мұны көрген Бадди есімді ит әйелді тістеп, үлкен ұлының өміріне араша түсті. Өкінішке қарай, келіншектің кіші ұлын құтқарып үлгермеген.

Өз баласын өлтірген тасжүрек анаға жұма күні айып тағылды. Кіші ұлының денесі Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Мюррей өзенінде табылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер