Иранда бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды - Әлем|08 Қаңтар 2018, 09:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Иранда бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды

Фото: iran-daily.com

Иран билігі Батыс мәдениетінің әсерінен қорқып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Ирандағы бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға тыйым салынды. Мемлекет лидері аятолла Али Хаменеидің айтуынша, шет тілі Батыс «мәдениетінің келуіне» тікелей әсер етіп отыр.

«Мемлекеттік және жекеменшік мектептерде ағылшын тілі оқытылатын болса, бұл заң мен ережелерге қарама-қайшы келеді», - дейді жоғары білім бойынша мемлекеттік кеңестің төрағасы Мехди Навид-Адхам.

Естеріңізге сала кетсек, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Иранда билікке қарсы акциялар өткен болатын. Халық билік пен экономикалық жағдайға наразылық білдіру мақсатында көтеріліске шықты. Соңғы мәліметтер бойынша аталған акциялар кезінде 20 адам қаза болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер