BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Индонезиядағы жер сілкінісінен он адам мерт болды

Индонезияның Ломбок аралында болған күшті жерсілкінісінен мерт болған адамдар саны онға дейін өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Адамдардың өліміне нақты не себепші болғаны анықталмаған. Агенттік кем дегенде тағы 20 адамның зардап шеккенін хабарлады. 6,4 магнитудасындағы жер сілкінісі жексенбі күні сағат 6.47-де Индонезияның Ломбок аралында болған. Бұл жер Ринджани вулканына жақын әрі туристер арасында кеңінен танымал Бали аралы да осы маңда. Ошақтың тереңдігі – 7,5 шақырым.

Индонезияның геофизика және метеорология агенттігінің дерегінше, жер сілкінісінен кейін кем дегенде 11 афтершок болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер