BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. Бұл туралы Jakarta Post басылымы хабарлайды.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақытпен ұшақ таңғы 6:20-да жоғарыға көтерілген. Алайда 13 минуттан соң ол радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.

Индонезиялық құтқарушылардың мәліметінше, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 MAX 8 теңізге құлаған.

Ұшақ бортында қанша экипаж мүшесі мен жолаушының отырғаны, әрі апаттың неден болғаны туралы әзірше нақты ақпарат жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер