Индонезия президенті жаңа цунамидің болу қаупі туралы ескертті - Әлем|24 Желтоқсан 2018, 17:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Индонезия президенті жаңа цунамидің болу қаупі туралы ескертті

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ . Индонезия президенті Джоко Видодо бүгін табиғи апат болған Ява аралында болып, тұрғындар мен жергілікті билікті жаңа цунамидің болып қалуы туралы ескертті.

Сенбі күні кешке болған цунамиден 281 адам мерт болған, 57 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Үш мыңдай адам табиғи апаттан зардап шегіп, мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Апат орын алған жерде жоғалғандарды іздеу және эвакуация жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Апат болған аймақты көріп шықтық, ондағы құтқару қызметтері тиісті деңгейге сай келмеген. Сондықтанда жағалаудағы аудандар цунамиге дайын болмаған. Жаңа цунамидің болу қаупі бар, тұрғындар мен құтқару қызметтері соған дайын болулары керек. Біз жаңа шығындарды болдырмауымыз керек», -деді Видодо.

Президенттің айтуынша, цунамидің болатындығын алдын ала нақты болжау қиын. Дегенімен 2019 жылы елдегі цунамиді ерте анықтау жүйелеріне жалпы тексеріс жүргізіп, оның элементтерін жетілдіре түсуге күш салатындығын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер