BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Грузияны оралман әйел басқарады

Астана, BAQ.KZ. Кеше Грузияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинап жеңіске жетті.

Грузия Орталық сайлау комиссиясының бейсенбі күнгі мәліметтеріне сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдердің 91,42% өңделді. Нәтижесінде, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинаған. Ал оның бақталасы Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,45% қолдаған.

Грузия Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтының арнаулы бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, Зурабишвилиге - 1 570 063 адам, Вашадзеге 717 942 адам дауыс берген.

Еске салайық, Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті. Оған «Грузия арманы» билеуші партиясынан Саломе Зурабишвили және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясынан кандидат Григол Вашадзе қатысты. ОСК мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 56,23% дауыс берген.

66 жастағы саясаткер Францияда дүниеге келіп, ұзақ жылдар сол елге қызмет еткен болатын. Алайда ол 2003 жылы тарихи Отаны - Грузияға қайта оралған.

2004 жылы сол кездегі президент Михаил Саакашвили оны бірден Грузияның сыртқы істер министрі етіп тағайындаған болатын.

Енді міне араға 14 жыл салып барып Грузияның президентігінен үміткерге айналды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер