Голливудтың ең кәрі актрисасы 106 жасында қайтыс болды - Әлем|23 Қаңтар 2018, 10:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Голливудтың ең кәрі актрисасы 106 жасында қайтыс болды

Америкалық актриса Конни Сойер 106 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі TMZ-ға сілтеме жасап.

Сойер Лос-Анджелесте көз жұмған. Актриса 1912 жылы Румыниядан шыққан еврей мигрантының отбасында дүниеге келген.

Ол 1959 жылы Фрэнк Синатра және Эдвард Г.Робинсонмен бірге Фрэнк Капрдың «Дыра в голове» (A Hole in the Head, 1959) комедиялық фильміне түскен.

2012 жылы 99 жасында америкалық Кинемотографиялық өнер және ғылым академиясының ең кәрі мүшесі атанған.

2013 жылы «Рэй Донован» ( Ray Donovan) драмасындағы мисс Салливан рөлі оның ең соңғы түскен фильмі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер