«Гарри Поттер» фильмінде ойнаған актер – Верн Тройер көз жұмды - Әлем|22 Сәуір 2018, 11:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Гарри Поттер» фильмінде ойнаған актер – Верн Тройер көз жұмды

Фото: rueconomics.ru

21 сәуір күні АҚШ-та сиқыршы бала Гарри Поттер туралы фильмде ойнаған актер, каскадер Верн Тройер қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Ол Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болды. Сәуір айының басында ол алкогольден улану жағдайымен ауруханаға түскен. Актер ұзақ жылдар бойы ішімдікпен күрескен.

Ол өмірге генетикалық ауытқушылықпен келген: бойы 81 сантиметр ғана. Оған «Остин Пауерс» фильмі әлемдік дәрежеде атақ әкелді. Сондай-ақ, ол «Гарри Поттер және философиялық тас» фильмі, «Сабрина – кішкентай мыстан» атты сериал арқылы танымал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер