BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Еуровидение-2017» байқауының жеңімпазы хал үстінде жатыр

«Еуровидение-2017» байқауының жеңімпазы Сальвадор Собрал хал үстінде жатыр. Әншінің жүрегі ауырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

Португалия дәрігерлері әншінің өмірін сақтап қалу үшін қолдарынан келгенін жасауда.

«Біз оның денсаулығын бақылауымызға алдық. Сальвадорға жаңа жүрек салғанша тыныштық қажет», – дейді дәрігерлердің бірі.

Собралдың жүрегі бала кезінен ауырады екен. Дәрігерлер әншінің денсаулығының күрт төмендеуін гастрольдік сапарларымен байланыстырып отыр.

Ол халықаралық байқауда Amar Pelos Dois әнімен жеңіске жеткен болатын. Сол кезде әнші барлығы 758 балл жинаған еді.

Еске сала кетейік, «Еуровидение-2017» байқауы биыл Киевте 13-мамырда өтті. Кейінірек шілде айында «Еуровидение-2018» байқауы қай қалада өтетіні белгілі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер