BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

Ердоған Трампты Түркияға шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған америка басшысы Дональд Трампты Анкараға шақырды. Бұл жайында Reuters түркиялық басшылығының ресми өкілі Ибрагим қалынға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оның айтуынша, 14 желтоқсан күні президенттер телефон арқылы сөйлескен кезде Ердоған осындай ұсыныс білдірген.

Өз кезегінде Ақ үй Трамптың Түркия президентімен кездесуге дайындалып жатқандығын растады, алайда дәл қазіргі уақытта ешқандай іс-шара жоспарланып жатпағанын хабарлаған.

Ердоған мен Трамп сөйлесу барысында күрдтердің «халықтық қорғану» құрлымы мен «демократиялық одақ» партияларының ролін талқылаған. Осы аптада Түркияға америкалық әскери делегаттар келеді деп күтілуде, олар АҚШ әскерін Сириядан шығару мәселесін талқыламақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер