BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Тізімнің ең басында Chevrolet Camaro автокөлігі тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Тізімді Consumer Reports порталы жасаған. Ең сенімсіз көліктерді анықтау үшін 640 мыңнан астам америкалық жүргізуші арасында сауалнама жүргізілді.

Америкалықтар Chevrolet Camaro көлігінде трансмиссия, машинаны жүргізетін механизм мен электр проблемасы жиі болып тұратынын айтты. Бұдан кейінгі орында – Mercedes-Benz GLC. Бұл көліктерде, көбінесе, тежегіш жүйесінде, рөлі мен аспасында ақау шығатын көрінеді. Америкалықтардың көңілі толмайтын тағы бір марка – Jaguar F-Pace. Бұл автокөліктердің де трансмиссия мен электр жүйесі жиі бұзылып, салонда шу болады.

Бұған қоса Tesla Model X электрлі кроссовері де осы рейтингке кірді. Жүргізушілер көліктің осал тұстары ретінде бояу, әрлеу, климаттық жүйе мен кузов элементтерін көрсеткен.

«Антирейтинг» ондығына GMC Acadia жол талғамайтын көлігі, Fiat 500 хэтчбэгі, Ford Focus пен Ford Fiesta, сондай-ақ Volvo XC90 мен Cadillac Escalade кірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер