BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екі баласын өлтірген әйел: «Қара көлеңке» балаларға шайтан кіріп кеткенін айтты

Эльжбета Плаковска жеті жасар ұлы Джастин мен 5 жасар қызы Оливияны пышақтап өлтірген. Оған қоса екі итін де өлтіріп тынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, оған балаларыңды өлтір деп «қара көлеңке» бұйрық береді.

Сотталушының қорғаушылары әйелдің қылмыс жасаған кезде жүйке жүйесі сыр бергенін алға тартуда. Ал Иллинойс штатындағы Нейпервилл прокурорлары қорғаушының сөзімен келіспей, Эльжбетаның сол кезде ақыл-есі дұрыс болған деп отырған көрінеді.

Қазір әйелге бірінші дәрежедегі қылмыс жасады деген айып тағылды.

Сот Эльжбетаны қылмыс болған соң он күннен кейін тексерген психиатрдың да уәжін тыңдапты.

Психиатрдың айтуынша, әйел жатын бөлмеде болған кезінде «қара көлеңке» шығып, оны балалардың ішіне шайтан кіріп кетті деп сендіргенін айтқан. Дауыс естіліп: «Өлтір оларды, өлтір» деп қайталай берген. Сондай-ақ ол өзін соңынан өлтір деп бұйырған.

Алдымен әйел өзінің балаларының өліміне еш қатысы жоқ екенін, ол кезде өзінің ұйықтап жатқанын айтып ақталады.

Бірақ, бірнеше рет жауап алынған соң Эльжбета балаларын «уланған әлемнен» құтқарғысы келгенін айтқан.

Осы іске қатысты сот ісі әлі жалғасуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер